Ғалымдар түнде жұмыс істеудің қорқынышты қаупі туралы мәлімдеді

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

372 0 0

Түнгі ауысыммен жұмыс істеу әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығуына әкеп соғады

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Мамандар түнде жұмыс істейтін адамдардың қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Сеченов атындағы Бірінші МММУ ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктовтың сөзіне сүйенсек, ұйықтаудың орнына кез келген тірлікпен айналысу адам ағзасының биологиялық сағатына қайшы келеді.

Оның айтуынша, қараңғы түскен уақытта адам ағзасының жасушалары түнгі режимге ауысады. Мұның бәрін генетикалық механизм басқарады. Демек, адам түнде жұмыс істеп, күндіз ұйықтайтын болса, тәуліктік биоритмі бұзылып, десинхронозға ұшырайды.

Қандай қалыпта ұйықтау өлімге әкеп соқтыруы мүмкін?

Полуэктов хабарлағандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауысыммен жұмыс істеудің кейбір онкологиялық ауруларға шалдығу қауіпін арттыратынын мәлімдеген. Әсіресе, әйелдер арасында. Түнде жұмыс істейтін медбикелердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 40%-ға, ал стюрдессаларда — 70%-ға артады.