Ғалымдар СОVID-19 коронавирустық инфекциясын дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

 Австралиялық ғалымдар СОVID-19 коронавирустық инфекциясынан дәрі — дәрмексіз емдеудің жолын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shraibikus News-ке сілтеме беріп.

Оның жалғыз бірақ маңызды шарты –  күшті иммунитет деп атады.

Австралиялық дәрігерлер коронавирус симптомдарымен ауруханаға жатқызылған әйелді бақылайды. Мамандар әйелде бұрын-сонды созылмалы аурулар мен зиянды әдеттер болмағанын байқайды. Медицина қызметкерлері науқасқа  дәрі-дәрмектер мен вирусқа қарсы препараттарды тағайындамай,  иммундық жүйенің өз бетінше күресуіне мүмкіндік береді.

Нәтижесінде 14 күннен соң науқас індеттен толық жазылып, ауруханадан шығарылған. Осы зерттеуден әрбір адам өзіне белгілі бір қорытынды жасауы керек. Жұқтырудан сақтану ғана емес, сонымен қатар, иммундық жүйені күшейтіп,  дұрыс әрі пайдалы тамақтану қажет.

 

stan.kz