​Ғалымдар:шоколад жүректі нығайтады

0

Аталған өнімнің оң қасиетіне қарамастан, Нью-Йорктегі Икан мектебінің қызметкерлері кәмпитті шамадан тыс тұтынбауға кеңес береді.

Америкалық ғалымдар шоколад құрамындағы органикалық қосындылар — флавоноидтардың  есебінен жүректі нығайта түсетіндігін мәлімдеп отыр. Айына шоколадтың үш плиткасын жеу қан тамырлары дертінің ушығу тәуекелін 13 пайызға төмендететеді екен. Мамандар жарты миллион адам туралы ақпараттарды зерделегеннен кейін дәл  осындай қорытындыға келіп отыр. Ал дәрігерлер рационға шоколадты күн сайын емес, айына бірнеше рет қосуға кеңес береді. Мұндай жағдайда ол жүрекке шүбәсіз пайдасын тигізетін болады. Ғалымдар флавоноидтардың қандағы «пайдалы» холестерин деңгейін арттыратындығын дәлелдеген.
Қорытындысында қан айналымы жақсарады және адам пайда алады.

Шоколадтан бөлек, жүректің айтарлықтай кардиожүктемесін көкөністер, жеміс-жидектер мен теңіз өнімдері нығайтады. Ғалымдар қыста шаңғымен жүріп, ал жаз айларында велосипед тебуге кеңес береді. Жүрегін нығайтқысы келген адамдар зиянды әдеттерінен бас тартулары қажет. Темекі шегу  және ішімдік ішу қан тамырлары жүйесіне теріс әсерін тигізеді екен.  Көк және қара шай, кофе, қызыл шарап, кепкен жемістермен қайнатылған шырын, анар шырыны және итмұрын қайнатпасының жүрекке тигізер пайдасы мол.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua

Дереккөз: http://reactor.inform.kz