Ғалымдар қартаюды баяулататын жемісті атады
Қысқа сілтеме алу
Мамандар жемісті күнделікті жеу жілік майындағы тін жасушалары функциясын жақсартатынын айтты. Сондай-ақ, өмір ұзарады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек — Sputnik. Қытайлық ғалымдар архат деп аталатын жемістің ағзадағы қартаю процестерін баяулататынын анықтады, деп хабарлайды «Известия».
Мамандар он ай ішінде зертханада тышқандарды архатпен тамақтандырып, олардың денсаулығын бақылаған. Жеміс жілік майындағы гемопоэтикалық тін жасушаларының функциясына оң әсерін тигізген. Олар қан жасушалары регенерациясының жақсы жүруіне де ықпал етеді.
«Зерттеу нәтижесінде архат жемісін жеу адамның өмірін ұзартатыны да анықталды», — деді ғалымдар.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар ағза үшін ең қауіпті әдетті атады
Архат жемісі, негізінен, Таиланд және Қытай елдерінде өседі. Оның түрі лианаға, ал дәмі қауынға ұқсас. Жеміс антиоксидант пен дәруменге бай.
sputniknews.kz