Ғалымдар мезгілсіз қазаның алдын алу жолын тапты

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

26 0 0

АҚШ ғалымдары белсенділігі төмен, бір жерде тапжылмай отырып жұмыс істейтін адамдарға өмір жасын ұзартудың жолын көрсетті

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Колумбия университеті ғалымдары белсенділігі төмен адамдардың арасында мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін төмендетудің жолын тапты. Белгілі болғандай, 30 минут тапжылмай отырғаннан кейін, жаттығу жасап, сергіп алу адам денсаулығына орасан зор пайдасын тигізеді екен. Бұл туралы MedicalXpress басылымында жазылған.

Мамандар 2009-2013 жылдары инсульттің жиілігін анықтау туралы зерттеуге қатысқан орта және егде жастағы сегіз мың адам туралы деректерді мұқият саралаған. Сонымен қатар, еріктілер төрт күн бойы белсенділікті бақылайтын құрылғыны тағып жүріпті. Ғалымдар 2017 жылға дейінгі өлім-жітім көрсеткіштерін есептеді.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 30 минут жеңіл-желпі физикалық жаттығу жасау мезгілсіз қаза қаупін 17 пайызға төмендетеді. Ал одан гөрі көбірек күш жұмсалатын жаттығулар өлім қаупін 35 пайызға азайтады екен.

Айта кетсек, тіпті бір-екі минут белсенді демалудың өзі адам денсаулығына зор пайдасын тигізеді. Ғалымдар жасаған қорытынды бойынша, ұзақ отырып жұмыс істеу керек болғанда, әр жарты сағат сайын жеңіл жаттығулар жасап, сергіп отырсаңыз, ағзаңызға ешқандай зияны тимейді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/