Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғылыми тәжірибе барысында зерттеушілер табиғи жарық келтіруші шамдардың астына вирус үлгілерін орналастырды
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. АҚШ талдау және биологиялық қорғауға қарсы әрекет ұлттық орталығының ғалымдары күн сәулесі SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деп мәлімдеді, бірақ бәрі күн сәулесінің әсер ету ұзақтығына, географиялық ендікке және тәулік уақытына байланысты. Бұл туралы ZMES cience басылымы жазды.
Эксперимент барысында зерттеушілер табиғи жарық келтіруші шамдардың астына болат табақшаға вирус үлгілерін орналастырды.
«Құдай басқа бермесін»: вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі
Солтүстік ендіктің талтүс кезіндегі 40 градус ыстығында 6,8 минуттан кейін вирустың 90% сілекейдегі, ал 14,3 минуттан кейін тіршілік ортасындағы белсенділігін жоғалтатыны анықталды.
«Жарықтың төмен интенсивтілігі кезінде де қатерсіздендіру (дезактивация) процесі басталады, бірақ баяу жүреді», — дейді зерттеу авторлары.
40 градустық параллельде Испания, Португалия, Италия, Грекия, Түркия, Армения, Әзербайжан, Орта Азия елдері, Қытай, Жапония және АҚШ-тың оңтүстік штаттары орналасқандығы хабарланды.
sputniknews.kz