Ғалымдар коронавирустың қауіпті мифін жоққа шығарды

0

Зерттеушілердің пікірінше, жақын болашақта әлемнің ешбір мемлекеті COVID-19-ға ұжымдық иммунитетті қалыптастыра алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Блумбергтегі Джонс Хопкинс атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары 2020 жылы ешқандай ел коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Зерттеушілер ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететін шараларды ұстану «денсаулық сақтау жүйесінде апатқа» қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.

«Ғалымдар SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру статистикасына сүйене отырып осындай қорытынды жасады», – делінген мәлімдемеде.

Қазіргі уақытта әлемнің ешбір елінде ауруды жұқтырғандардың үлесі екі-төрт пайыздан аспайды. Адамдардың ұжымдық иммунитетін күшейту үшін халықтың 70%-і ауырып немесе вакцинациялануы керек. Ал мұндай жол көптеген адамның құрбанға айналу қаупін төндіреді.

Ғалымдар мысал ретінде АҚШ-ты атады. Қазіргі уақытта елде шамамен 1,25 миллион адам жұқтырған. Ал вакцинациясыз ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін елде 328 миллион тұрғынға кемінде 200 миллион жұқтыру оқиғасы тіркелуі қажет.

Сонымен қатар, эпидемиологтар иммунитет үшін коронавирусты әдейі жұқтыру әрекетінен бас тартуға шақырды. 1980 жылдары шешек ауруы кең тарап, жаппай жұқтыру болғанын еске салған олар COVID-19-ды жұқтыру үшін арнайы бас қосулар өткізбеуге шақырады. Өйткені ғалымдар қазір АҚШ-та күн сайын екі мыңға дейін адам коронавирус ауруынан көз жұматынын, ал шешек ауруы өршіген шақта қайтыс болғандардың саны жылына 150-ден аспағанын айтады.

Оқи отырыңыз: Ресейде коронавирусқа қарсы иммунитеттің бар-жоғын анықтайтын тест әзірленіп жатыр

Зерттеушілер егер коронавирустың АҚШ-та қарқынды таралуы жалғасып – күніне 25 мың жаңа инфекция жұқтырса, онда тек 2021 жылы вакцинасыз ұжымдық иммунитетке қол жеткізуге болатындығын атап өтті.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясының басында кейбір елдердің билігі ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды жоспарлағандықтан қатаң шектеулерге қарсы болған.



sputniknews.kz