Ғалымдар коронавирустың ерекше белгісін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Испанияның ортопедтер кеңесінің дәрігерлері коронавирустың жаңа және таңқаларлық белгісін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Ғалымдар өз баяндамасында жел шешек немесе қызылшаның белгілеріне ұқсас аяқтардағы дақтар (аяқ, өкше және саусақтар) COVID-19-дың белгісі болуы мүмкін. Испания, Италия және Франциядағы көптеген жағдайлар мыналарды көрсетеді: коронавирус кезінде емделушілерде кішкене көгерулер және табандағы дақтың үсілу іздеріне ұқсас жиі кездеседі.

Испания, Италия және Францияда коронавирус жұқтырған науқастарда көбінесе аяқтарында ұсақ көгерген жерлер және табандағы дақтың үсілу іздеріне ұқсаси жағдайлар жиі кездесскен.

Көбінесе мұндай дақтар балалар мен жасөспірімдерде пайда болады. Алғашқы жағдайлардың бірі 13 жастағы итальяндық балада тіркелді. Бастапқыда ата-анасы түсініксіз бөртпені өрмекші шағып алды деп ойлаған. Дәрігерлер тиісті емді тағайындаған, бірақ екі күннен кейін баланың қызуы көтеріліп, аяғы қатты қышыған.

Зерттеушілердің айтуынша, аяқтардағы көгеру шынымен COVID-19 белгісі екендігі туралы нақты дәлел жоқ. Дегенмен, дәрігерлер әріптестерінен коронавирустың ерте симптомы ретінде аяқтағы даққа назар аударуды ұсынды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз