Ғалымдар газдалған сусынның адам өліміне әкелетіндей зиянын анықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ғалымдар газдалған сусынның қандай ауруға шалдықтыратынын анықтады.

Газдалған сусын және басқа қант сусындарын артық мөлшерде қолдану ерте жастағы жүрек және қан тамырлары ауруларын, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларын шалдықтыруы мүмкін. Бұл Гарвардтағы дәрігерлердің «Circulation» журналына  жариялаған мақала қорытындысы.

Гарвард университетінің ғалымдары газдалған және басқа да тәтті сусындарды артық тұтыну ерте жаста рак, жүрек ауруы мен қан тамырларынан өлу мүмкіндігін арттыратынын айтты.

Зерттеушілердің пікірінше, аптасына 3-4 стакан газдалған сусын ішетін адамдар үшін өлім қаупі осы сусындарды пайдаланбайтындарға қарағанда 6% жоғары. Күнделікті ішетін  болса өлім қаупі 14%. Екі-үш күн аралығында ішетін болса, өлім қаупін ​​21% -ға арттырады.

Ғалымдар1980 жылдан 2014 жылға дейін National Health and Nutrition Examination Survey және Health Professionals Follow-up Study жобалары шеңберінде жиналған деректерді талдағаннан кейін осындай қорытынды жасалды. Зерттеуге денсаулығын ұзақ мерзімді бақылауға келіскен 100 мыңнан астам медицина қызметкері қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz