Ғалымдар ер адамның күш-қуатын арттыратын азық-түлікті атады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Диетологтар ер адамның жыныстық қуатын арттыруға көмектесетін өнімдер туралы мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ғалымдар қандай азық-түліктің «ер қайратын» арттыратынын анықтады.

Көкөністер арасында диетологтар асқабақты ерекше атап өтті. Оның құрамында минералдар, дәрумендер, май қышқылдары көп, мұның бәрі еркектің жыныстық қуаты үшін өте маңызды заттар.

Бұл көкөністің құрамындағы йод пен А дәрумені ер азаматтың либидосын оятып, әйел затына деген ынтықтығын арттырады. Ал С және В дәрумендері потенцияға жақсы әсер етеді, олар сперматозидтардың белсендігін күшейтеді. Асқабақ өркеніндегі мырыш пен жез ерлердің жыныс гормоны – тестостерон үшін қажет.

Сонымен бірге асқабақ құрамындағы темір қан айналымына жақсы әсер етеді, бұл өз кезегінде жыныс мүшелерінің қызметіне оң ықпалын тигізеді. Асқабақ дәнінің де пайдалы қасиетін ұмытпаған жөн: құрамындағы мол май қышқылы шәуеттің (сперма) көп бөлінуіне көмектеседі.

Тағы оқыңыз: Бұғы мүйізі ер қайратын арттыурға қалай көмектеседі?

Мамандар кеңесі бойынша, күнделікті 350 грамдай асқабақты екі ай бойы жеп отыру қажет.

Сонымен қатар ер адамның жыныстық қуатын арттыруға саңырауқұлақ та жақсы әсер етеді. Оның құрамындағы мырыш пен дәрумендер ер азаматтың денсаулығы үшін аса маңызды.

Тағы бір теңдесі жоқ ас – зәйтүн жемісі. Күнзе (кинза) жыныстық қатынасқа құштарлықты арттырады.

Сондай-ақ қалақай да ер қайратын нығайтуға септігін тигізеді. Оны қайнатпа немесе тұнба ретінде жиі пайдаланған жөн.



sputniknews.kz