Ғалымдар бел мен мойынның ауыруы қауіпті аурудың белгісі екенін айтты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде әлемде 382 миллион адам екінші типті диабетпен ауырады

АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Бел мен мойын тұсындағы ауырсыну қант диабетінің белгілері болуы мүмкін, деп ескертті Сидней университетінің мамандары.

Екінші типтегі қант диабеті мен белдің ауыруы семіздікпен және физикалық белсенділіктің жоқтығымен тығыз байланысты. Зерттеу авторы Манэуль Феррейраның айтуынша, денсаулықты сақтауда салмақты бақылау мен қимыл-қозғалыс маңызды рөл ойнайды, деп хабарлайды Medicalxpress.

Ол диабеті бар пациенттердің көпшілігінде өмір бойы белі мен мойны ауыратынын атап өтті. Әзірге бұл байланыстың себебі анықталмаған, сондықтан мамандар аталған бағытта жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. 

Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, бүгінде әлемде 382 миллион адам екінші типті диабетпен –  қауіпті метаболиттік аурудың кең таралған түрімен ауырады екен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз