Ғалымдар әйелдердің еркектерге қарағанда ақылы аз екенін дәлелдеді
Зерттеушілер ерлердің күрделі мәселелерге ұтымды, ақылға қонымды шешім табатынын анықтады.
Автор: #Кембридж #ғалымдар #зерттеу #еркекпенәйел Фото: Shutterstock
15:44 15.11.2018
Кембридж университетінің нейрохирургтері мен нейрофизиологтары процестерді жүйелеу мен реттеуге қабілеттілікте ерлердің миы жақсы жұмыс істейді деп отыр. Ерлер мен әйелдер миының белсенділігін зерттеген ғалымдар тіпті ми ауруларымен ауырған ер адамдар бір-бірінен көлемдік және сипаты тұрғысынан ерекшеленетін кешенді көпсалалы тапсырмаларды шешеді дейді.
Сонымен қатар, зерттеушілер әйелдер айналасындағы адамдардың эмоционалдық бағалауына бейім келеді, соның нәтижесінде әрдайым дерлік (75% жағдайда) дұрыс шешім қабылдамайтынын айтып отыр. 700 мыңға жуық адамды қамтыған зерттеу (аутизм спектрі бұзылулары бар 37 мың адамды қоса алғанда), әйелдердің күнделікті тұрмыстағы эмоционалдық «шағылыстары» әйел миының шындықты дұрыс қабылдау қабілеттілігін бұзады дейді.
Еркектердің эмоционалдық «сараңдығы» жүздеген және тіпті мыңдаған адамдардың өміріне тікелей немесе жанама әсер ететін кішігірім проблемалар мен міндеттерді, сондай-ақ үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді екен.
Зерттеушілер әйелдердің миының «жұмыс режимінің» ерекшелігіне байланысты әйелдер көбінесе гуманитарлық салада, ал еркектер қаржы, IT секторы және ірі құрылымдарды басқаруда табысқа жетеді дейді.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай стандарт қызметкерлер біліктілігін анықтауда қолданылмайды, бірақ жаңа зерттеулердегі статистикалық қате аз деп есептеледі.
Нейробиологтар дың айтуынша, ерлердің миында стресс және сыртқы кедергілерге «тосқауыл» көп, сондықтан ерлер бір уақытта бірнеше маңызды тапсырмаға ықылас қойып, назар аудара алады.