Ғалымдар адамның өлетін күнін болжау әдісін тапты
Зерттеушілер адам ағзасындағы жасушалардан қарттықтың биомаркерлерін іздеп тапқан.
Солк Институтының (АҚШ) ғалымдары адамның биологиялық жасын анықтаудың әдісін тапты, ол хронологиялық жаспен сәйкес келмеуі мүмкін. Ол үшін зерттеушілер тері жасушаларындағы негізгі гендердің белсенділігін тексерген. Бұл әдістің арқасында анализ барысында қауіпті белгілер байқалса, адамның мезгілсіз көз жұмуының алдын алуға болады.
Ғалымдар 1-94 жас аралығындағы 133 адамның терісінен алынған біріктіруші ұлпалардың жас және кәрі жасушаларын зерттеген. Жасушаның бұл типі жараның жазылуына және жасушааралық заттың компоненттерін синтездеуге көмектеседі. Зерттеушілер осы жасушадан жас ұлғайған сайын өзгеретін қарттықтың биомаркерлерін іздеуге тырысқан.
Яғни бұл әдістің көмегімен белгілі бір жаста белгілі бір жасушадағы қандай гендердің белсенді екенін анықтауға болады. Ғалымдар жасушадан алынған ақпаратты құрылғының көмегімен реттеп, қарттықтың биомаркерлерін тапты. Сөйтіп, ұлпалардың жағдайына қарап адамның жасын анықтаған, дегенмен бұл есептеуде сегіз жылға қате кетуі мүмкін. Мысалы, адам мерзімінен бұрын қартаятын дерт – прогерияға шалдыққан науқастардан алынған сараптама олар хронологиялық жасынан он жылға үлкен екенін көрсеткен.
Дереккөз: Sputnik