Ғалымдар адам ағзасында коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Амстердам университенің ғалымдары коронавирусқа қарсы қалыптасқан иммунитет небәрі алты айдан кейін жоғалып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Соңғы 35 жыл бойы ғалымдар суық тиюге алып келетін коронавирустың төрт түріне бақылау жүргізіпті. Ғалымдар ауру әрбір үш жыл сайын адамға жұғып отырғанын анықтапты. Десек те көп жағдайда сырқаттан жазылып шыққан бірқатар науқастар коронавирусқа 12 айдан кейін қайта шалдыққан. Ал ер азаматтардың ағзасында антиденелердің саны жарты жылдан кейін күрт азайып кететін сыңайлы. 

Осылайша зерттеушілер бір жыл өтпей жатып адам ағзасының коронавирусқа қарсы қорғаныштық қабілетін жоғалтатынын анықтапты. 

«Коронавирусқа қарсы иммунитет қырсқа мерзімдік екені белгілі болды. Ал ұжымдық иммунитетті қалыптастырау ауруға шалдыққандардың иммундық жүйесінің әлсіздігіне байланысты қиынға соғуда», -дейді зертеуге жетекшілік жасаған ғалым Лия Ван Дер Хок.

Зерттеу авторлары олардың жүргізген сараптамалары SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы иммунитет қалыптастыруды түсіну үшін маңызды дүние болатынын атап өтті. 

 

stan.kz