Ғалым Құсайынов: Инфляциямен бүкіл ел болып күресуіміз керек

0

Еліміздегі инфляцияны еңсере алмай келеміз. Онымен тек Ұлттық банк қана күресуге тиісті емес. Бізге ең әуелі осыны түсіну керек. Өкінішке орай, сауда орталықтарын аралап, өзімізде өндірілетін қарақұмық, күнбағыс, бидай немесе басқа өнімдерді экспорттауға шектеу қоюдан пайда жоқ. Біз инфляцияның құрылымын тереңірек қарастырып, оның негізгі себебін түсініп, қиындықтармен күресуіміз керек. 

Мәселен, шағын елдерде бағаның өсуі импортқа  тәуелді, өйткені барлығын өндіру олар үшін тиімсіз . Сонымен қатар, мұндай елдерде моноөнімдердің экспорты өте жақсы дамыған, бұл саудадағы тепе-теңдікті сақтауға, ұлттық валютаға қысым жасамауға, импорттық тауарлардың бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.  Біз үшін елімізде өндірілетін негізгі өнім экспортының өсуін, оның ішінде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қолдау көрсету маңызды.

Бәсекеге қабілеттілік еңбек өнімділігі мен инновацияға тікелей байланысты. Елдегі импорт мәселесі тек азық-түлік қауіпсіздігі қағидаттарына негізделуі керек, ашық экономикада қалғанының бәрі – утопия.

Тұтыну себетінің негізгі бөлігін құрайтын азық-түлік өнімдерін жеткізу барысында бәсекелестікті қалыптастырғанымыз абзал. Ол үшін тауар өндірушілеріне ғана емес, сауда-саттыққа, тасымалдауға жағдай жасап, қолдау көрсетуіміз қажет. Өкінішке орай, қарапайым заттар экономикасы әсерінен сауда балансына, валюта бағамына қысым жасалады, бұл өз кезегінде импорттың құнын арттырады, инфляцияға әкеледі.
Біз елге сырттан әкелетін барлық компоненттерді өңдеп, оны өзіміз шығарғандай, «Өндіріс» деп айтамыз. Болашақта осы мәселені қарастырамыз, дамытамыз деп уәде береміз. Алайда ештеңе өзгеріп жатқан жоқ. Экономикалық мәселелер шешімін таппағанша  прогресс болмайды.

Сонымен қатар, тәуекелі жоғары күрделі салалар қалыпты дами алмай жатыр, өйткені елдегі инвестициялық ортаның деңгейі төмен, банктер тәуекелге бел буып, инвесторлар ұзақ мерзімге ақша бере алмайды. Қиындықтар көп, инфляцияны жеңу де оңай емес.

Бізге өте ауқымды реформалар қажет. Халық табысының мөлшері әртүрлі болуына байланысты салық көлемін өзгерту маңызды. Бюджет қатынастарына баса назар аударып, несие беретін ортаны өзгерту және күшейту керек. Әсіресе, жер қойнауын пайдаланушылардың кірісін есептеп,  салық салу жүйесін толығымен өзгерткеніміз абзал.  Мұндай мәселелер бізде тым көп. Әуелі осындай күрделі өзгерістерден бастағанымыз дұрыс болар еді.

Ғалым ҚҰСАЙЫНОВ,

“Банк ЦентрКредит” Басқарма төрағасы