Ғалым киік етін өңдейтін арнайы комбинат салуды ұсынды

0

Биология ғылымдарының докторы, «Астана» халықаралық университетінің профессоры Мұрат Нұрышев киік етін өңдейтін арнайы комбинат салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ет комбинатын ашпай тұрып киіктен қандай өнім алатынымызды нақты түсініп алуымыз керек. Мүйізінен бастап тұяғына дейін өңделуі керек. Ол үшін мамандандырылған ет комбинаттары болу қажет. Өйткені олардың ауруы басқа, ауылшаруашылығы жануарларының ауруы басқа. Сондықтан бізде мамандандырылған желі, қайта өңдеудің өзгеше жүйесі болуы керек», — деді ғалым.

Оның сөзінше, әлемде киік етіне деген сұраныс жоғары.

«Киік етінің 100 грамы шамамен 100 доллар болуы керек. Шетелдерде киік етін сатып алғысы келетіндер көп. Өйткені ол өте пайдалы. Киіктер жолыққан шөптің 50 түрінен біреуін ғана таңдап жейді. Ал жылқы сегіз шөптің бірін жейді. Осындай талғампаздығының арқасында мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтар дәуірінен бері аман келе жатыр. Біз киіктерді тереңдетіп зерттесек, елімізден бірнеше Нобель сыйлығының лауреаты шығуы мүмкін», — дейді Мұрат Нұрышев.