«Ғалия деп атадым»: Өз анасын 45 жылдан кейін мойындаған ер адам көпті жылатты (ВИДЕО)

0

Өз анасын 45 жылдан кейін ғана «ана» деп атаған ер азаматтың видеосы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Аталмыш видео barysһ.media инстаграм парақшасында жарияланған.

«Біз атамыз бен әжеміздің қолында өскенбіз ғой. Анамызды ана деп айтқызбаған. Өмірімде ана деп айтып көрген жоқпын. Ғалия деп атымен атап келдім. Ата мен әжем өмірден өтер алдында мына кісі сенің анаң деп айтып кеткен. Бірақ сол кезде қанша оқталсам да айта алмадым. Енді осыдан кейін тек анашым деп айтамын. Атыңызбен атағаным үшін кешірім сұраймын», — деді ер адам.

Ер адамның анасы да өзін ұстай алмай, көз жасына ерік берді.

«Осынша жыл апа деп айта ма деп күттім. Аллаға шүкір осы күнге де жеттім», — деп жылады анасы.

Ал желі қолданушылары болса, ата-әженің бауырына салу дұрыс еместігін жазды.

«Байғұс әйел. Жас шағында ешкімге сөзі жүрмеген сияқты ғой», «Өзінің туған анасына ана деп айтықзбау надандық», «Ең жаман дәстүр. Ата-әжелер үлкен баланы осылай иемденіп алады. Екі ортада байғұс бала өзін барлық жерде жат сезінеді», «Ана жалғыз, әжені «әже» деу керек», «Қанша жыл тұншыққан сезімі, баласының ана дегенін күткені… Мына апада қанша сағыныш жатыр», — деп жазды олар.