Ғаламшардағы ең үлкен құс мүсіні қалай көрінеді – видео  

0

Дрон ең үлкен құс мүсінінің ғажап, әсерлі кадрларын түсірді! Бұл сюжетті фэнтази стиліндегі кезекті телехикаяға неге пайдаланбасқа?!

Дрон Үндістанның табиғи паркіндегі дөңде орналасқан әлемдегі ең үлкен құс мүсіні – Джатаюді видеоға түсірді. Мүсіннің заңғарлығы, үлкендігі таңғалдырады: мүсіннің ұзындығы 60 метр, енді 45 метр, ал биіктігі 21 метр! 1400 шаршы метр аумақты алып жатыр. Мүсіннің авторы үнді Раджив Анчал өз туындысына 10 жыл өмірін арнады.  

Джатаю – қаршыға бейнесіндегі жарты құдай. Миф сюжетіне сәйкес, ол Ситаны Равананың тұтқынынан босату үшін оның шайқасқан, бірақ шайқаста жарақат алып, қаза болған.

Қаршыға шалқалап жатқан және қанаты қырқылған күйінде бейнеленген. Мүсіннің ішінде көрме залдары және басқа да бөлмелер бар.  



sputniknews.kz