«Ғаламшар аруының» қатысушысы Таиландқа бара жатып жоғалып кетті (фото) — новости Казахстана
«Ғаламшар аруында» Сьерра-Леоненің намысын қорғайтын ару Эстер Бангура Таиландқа кемемен аттанып, із-түсіз жоғалып кеткен деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Эстер өзге бойжеткендер секілді халықаралық байқауға ұшаққа мінбеген.
Сьерра-Леоне қатысушысы «Ғаламшар аруы» өтетін Таиландқа бесінші желтоқсан күні келуі керек болған. Алайда одан әлі хабар жоқ. Тіпті бойжеткеннің қайда екені белгісіз.
Қазір аталмыш шараның ресми парақшасындағы қатысушылар тізімінде Эстер Бангураның есімі жоқ.
Айта кетейік, Таиландта өтетін «Ғаламшар Аруы — 2018» байқауына Қазақстанның намысын Сәбина Әзімбаева қатысатын болады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар