«Ғалам аруы» 19 жасында қайтыс болды
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Модель жиырмаға толуына бір күн қалғанда төсектен ес-түссіз күйде табылған
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. «Жас ғалам аруы-2017» Лотте ван дер Зее жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы оның Instagram-дағы парақшасында хабарланды.
Fox news телеарнасының мәліметінше, қыз Австрияда тау шаңғы курортында жүрген.
Daily Mail хабарлағандай, модель жиырмаға толуына бір күн қалғанда көз жұмған. Оны төсектен ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған.
«Әлем миссисі» Сәния Шәкірова жол апатынан көз жұмды
Жергілікті дәрігерлер оны қолдан тыныс алдыру бөліміне жатқызып, кейін Мюнхен қаласындағы мамандандырылған ауруханаға жеткізді. Ол сол жерде жүрек талмасынан көз жұмған.
Трагедияға не себеп болғаны жайлы толық ақпарат жоқ.
sputniknews.kz