«Гаитилік футболшы Атырауға тегін ауысты»

0
95
Сурет: ferisports.com

«Атырау» ФК гаитилік футболшы Алекс Кристиан-Джуниормен келісімшарт жасағаны туралы біздің жарияланымнан кейін клубтың баспасөз қызметі нақтыланған ақпарат ұсынды: 200 мың еуро – бұл ойыншылардың гипотетикалық нарықтық құнына маманданған Transfermarkt сайтында жарияланған цифр. Кристиан Джуниор «Атырауға» ақысыз – жалақымен ауысты, деп хабарлайды «Ақ Жайық» сайты.

«Атырау» ФК директоры Қонысбай ШПАНОВ «бұл құпия ақпарат» деп, оның көлемін нақтыламады.

Қ.Шпановтың айтуынша, осы маусымда клуб бюджеті көбейіп, 1,7 млрд теңге болады. Бұл команданың қазақстандық футболдың жоғарғы дивизионына оралуына байланысты болып отыр.

Ол осы бюджет қаржысының 800 миллион теңгесі негізгі командаға арналғанын, ал қалған 900 миллионы қазір 600-ден астам бала қатысып жүрген клуб жанындағы футбол орталығын, сондай-ақ жастар командасын ұстауға кететіндігін нақтылады. Футбол орталығында 14 жас санатындағы балалар жаттығады (облыстың барлық жеті ауданында оның филиалдары ашылған), олардың 7-еуі жас ерекшеліктеріне сәйкес ел чемпионаттарына қатысады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.