Ғаділбек Жаңайдың әкесі өмірден озды (фото) — новости Казахстана

0

Отандық танымал әнші Ғаділбек Жаңайдың әкесі дүниеден өтті. Бұл қаралы хабарды көпшілікке Тамара Асар жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғаділбек Жаңай. Фото: musical.kz

Ғаділбек Жаңай. Фото: musical.kz

«Ғаділбек екеуміз Адайдың Жаңай деген руының Тоян деген тақтасынан тараған жақын немере ағайынбыз. «Апау» деп маған келген уақытта мен — 21 де, ол — 17 де болды.

Марқұм анасы маған келіп, «Өнердің жолында бір-біріңе бас көз болыңдар» деп табыстырған болатын. Ғаділбек өз күшімен, өз ісімен өнердің ордасынан орнын тапқан жігіт.

Мен оны інілігімнен мақтамаймын. Бойындағы мықтылығымен мақтанамын.

Бүгін Ғаділбектің әкесі өмірден озды. Маған хабарды басқалар жеткізсе де, өзі «апа-ау» деп хабарласқанда, көзімнің жасын тия алмай отырып қалдым.

«Жақын — жуық, дос — жаран естімей қалмасын» деп парақшаға жазып отырмын. Шүренбай әкейдің иманы саламат болсын. Артының қайырын берсін!

Ғаділбек, мықтысың ғой! Мықты бола түс! Тас түскен жеріне ауыр!

Жел батамызды оқып, көңіл білдіремін ғой. Дейтұрғанмен, оқырмандар атынан да осы әулетке қарасты ағайындарға көңіл айтамын», — деп жазды Тамара Асар Instagram парақшасында.



Дереккөз: kaz.nur.kz