Ғаділбек Жанай ұлды болды – Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Ғаділбек Жанай ұлды болды. Жұбайын көпшіліктен жасырып ұстайтын әнші әке атанды. 

Ғаділбек Жанай өзге әншілер секілді емес, келіншегін жұрт көзінен тасада ұстайды. Тіпті жарының ел алдында сұхбат беруіне де қарсы. Осылайша отбасы жайлы көп сыр айта бергісі келмейді. 

Күні кеше әнші ұлды болды. Бұл жаңалықты тележүргізуші Анна Данчено хабарлады. 

«Сүйінші, Ғаділбек Жанай ұлды болды. Кішкентай балапанның бауы берік болсын! Карантин бітсін, бұйырса, билеп-билеп құттықтап шығамыз!», – деп жазды Анна желідегі парақшасында. 

Бұған әнші алғысын айтып, жұғысты болсын деп тіледі. 

«Баршаңызғ жұғысты болсын», – деп жазды әнші. 

Алайда Ғаділбек өз парақшасына бұл туралы хабарлаған жоқ, келіншегі Ақмаржанның да, кішкентайының суретін жария етпеді. 

Ал, желідегі тыңдармандары құтты болсын айтып, бауы берік болсын десіп жатыр.

«Жаңайдың ұлдары көбейе берсін бауы берік болсын», «Алла өмірімен берген болсын! Қайырлы перзент болсын!», «Бауы берік болсын. Ата -Анасына қолқанат болсын», «Саналы ұл болсын, елдің азаматы болсын», деп жазды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз