G 20 саммиті онлайн режимінде өтеді

0
0

G 20 көшбасшыларының саммиті 21-22 қарашада «ХХІ ғасырдың мүмкіндіктерін бәріне іске асыру» ұранымен өтеді. G 20 көшбасшыларының саммиті онлайн режимінде өтеді.

Бұл туралы 28 қыркүйекте Сауд Арабиясының төрағалығымен өтетін саммиттің ұйымдастырушылары хабарлады. Саммит 21-22 қараша аралығында «ХХІ ғасырдың мүмкіндіктерін барлығына іске асыру» ұранымен өтеді.

«Алдағы G 20 көшбасшыларының саммиті өмірді қорғауға және экономикалық өсімді қалпына келтіруге, [COVID-19] пандемиясы кезінде анықталған осалдықтарды жоюға және жақсы болашаққа негіз қалауға бағытталған. Саммит сондай-ақ адамдарға күш беріп, планетамызды қорғау арқылы ХХІ ғасырдың барлық мүмкіндіктерін іске асыруға бағытталған халықаралық іс-әрекеттерді ынталандыруға, сонымен бірге жаңа шекараларды қалыптастыру үшін инновация әлеуетін қолдана алады», – делінген хабарламада.

2019 жылы G 20 саммиті Жапонияның Осака қаласында өтті. G 20 саммитінің қорытынды құжаты АҚШ президенті Дональд Трамптың климатты қорғау мәселесінде ерекше ұстанымына байланысты «19 + 1» форматында қабылданды.

Керімсал Жұбатқанов

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз