Футзал: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Тәжікстанды жеңді
Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді. Кездесу барысында ел құрамасынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсагұлов және Ақжол Дәрібай мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық футзалшылар 3:0 есебімен басым түсті.
Енді екі құрама 24 тамызда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталды. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасты.
Енді құрама 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22-24 тамыз күндері екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Одан кейін Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйекке белгіленген.
Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.
Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.