Футболшы командаласын шикі етпен емделуге мәжбүрлеген
Англиялық «Ланкастер Сити» футболшысы Том Престонды командаласы Роб Уилсон әзілдеп алдады.
Фото: GiveMeSport
17:18 06.11.2018
Ойыншы алданғанын білмеген.Престон клубтың физитерапевті екен деп Уилсонның мессенджеріне жазып, аяғы ауырып отырғанына шағымданған. Командаласы оған әзілдеп шикі етпен емделуге кеңес берген.
Престон алдымен дәстүрлі әдіспен емделмек болады, алайда, «физиотерапевт» өз тәсілімен емделуге міндеттейді. Сонымен қоса, емделіп жатқанын суретке түсіріп жіберуін сұрайды. Престон әкесі дүкеннен «дәрі» әкеліп берген соң оны аяғына басқан.
Дереккөз: vesti.kz