Футболдан турнир өтті | «Айқын» газеті

0

Ақтөбеде партияның 20 жылдығына орай кіші футболдан жарыс өтті. Спорттық шараға бастауыш партия ұйымдарынан 24 команда қатысты. Екі күнге ұласқан доп додасы тартысқа толы болды. 

– Елбасы биылғы Жолдауында бұқара­лық спорт пен дене шынық­тырудың қол­жетім­ділігін артты­руды тапсырған бола­тын. Бұқаралық спорт түрлері тек қана Шал­қар ауданы орталығында ғана емес, село­лық округтерде де дамуда. Мәселен, биыл Мөңке би ауылында жаңа спорт зал қолда­нысқа берілді, Ақтоғай ауылдық округінде спорт алаңын ашу жоспарланып отыр. Бұл – «Мектептегі спорт алаңдары» пар­тиялық жобасының жүзеге асуының жарқын көрінісі, – деді Жарылғасын Шамбалаев.
Спорт ардагері, футболдан облыстық спартакиада чемпионы Мұхтар Түсіпбеков спортты серік еткен адамның рухы да мық­ты болатынын атап өтті. Жарысқа қатысу­шы коман­­даларға Шалқар ау­дандық мәс­ли­­х­аты­ның хатшысы Сқақ Бигеев сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысына орай І орынды қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан «491 сайлау округі» БПҰ-ның командасы жеңіп алып, ауыспалы кубогке ие болды. Жүлделі ІІ орынды «Қамқор Локомотив» БПҰ командасы еншіледі. Үздік үштікке «Бозой ауылдық округі» БПҰ-ның «КС Достық» командасы лайық деп танылды. Жеңімпаз командалар «Нұр Отан» партиясы Шалқар аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Қаниевтың атынан диплом және сыйлықтармен марапат­талды.
«КС Достық» командасының ойын­шысы, белсенді жас Темірлан Түгелбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар тұрғын­дардың спортқа ынтасын арттырып қана қоймай, ұжымдар арасында жылы қарым-қатынас орнатып, партиялықтарды біріктіруге үлкен көмегін тигізеді.
Айта кетейік, партияның Шалқар аудандық филиалы кубогы үшін доп додасы енді жыл сайын ұйымдастырылмақ.

Әбілмансұр ЖАСАН