Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Чехияның бұрынғы футболшысы, чех құрамасының бапкері Михал Билек тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Билек жаттықтырған Чехияның жасөспірімдер құрамасы 2003 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлде алған. Ол команданы 2002-2009 жылдар аралығында жаттықтырған.

Ал 2009-2013 жылдар аралығында Билек жаттықтырған Чехияның ұлттық құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалға шыққан.

Билек қаңтар айының ортасында қызметінен кеткен болгариялық жаттықтырушы Станимир Стойловты алмастырды.

Дереккөз: Азаттық