Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды

0

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан 2:1 есебімен жеңіліп, Еуро-2024  Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Любляна қаласында өткен Қазақстан мен Словения арасындағы ойын тартысты болды. Екі команда Еуро-2024 чемпионатына қатысу үшін бақ сынады.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Н тобындағы басты қарсыласы Словениямен әлемдік доп додасының жолдамасына таласқан болатын. Осылайша Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне жолдама ала алмады.

Алғашқы таймда Словения құрамасы 1 гол соғып есепті ашқан еді.

Қазақстан құрамасы екінші тайм бастала сала гол соғып, есепті теңестірді. Гол авторы – Рамазан Оразов.

86-минутта Словения екінші голын салып, есепте алға шықты. Гол салған – Бенямин Вербич.

Словения құрамасы 2:1 есебімен басым түсіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Еске салсақ, осыған дейін Сан-Мариномен «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.