Футбол ойынының ережесі өзгерді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі футбол ережесіне өзгертулер енгізді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында мәлімденді, деп хабарлайды Stan.kz.

Футбол ойынының ережесі өзгерді

Ережедегі бірінші өзгерту қолдың допқа тиюіне қатысты. Егер гол соққан футболшы қолымен ойнаса, бұл әдейі болмаса да, ереже бұзу ретінде саналатын болады.

Екіншіден, ауыстырылған ойынша алаңнан жақын жердегі бүйір сызық арқылы шығып кетуі тиіс. Бүгінде футболшылар ауысуға ауысушы ойыншылар орындығының алдындағы сызық арқылы кетіп жүр.

Үшіншіден, айып добын соққанда шабуылшы команданың футболшыларына қорғанушы команданың қорғаныс тосқауылына тұруына тыйым салынады. Бұл ретте олар өздерінің тосқауылына тұра алады. 

Төртінші өзгеріс пенальтиге қатысты. Ендігі голкиперге қақпа сызығына міндетті түрде екі аяғын емес, бір аяғын тигізуге ғана болады. 

Сонымен қатар сары және қызыл кәртішкелер бапкерлерге де беріледі – лайықсыз тәртібі мен басқа да бұзушылықтары үшін. Ал доп судьяға тигенде даулы доп тағайындалады.

Аталған өзгерістер 2019 жылдың жазында күшіне енеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz