Футбол аңызы Пеле туыстарымен қоштасты – БАҚ

0
Футбол аңызына айналған бразилиялық Пеле туыстарымен қоштасты. Қазір әлемнің үш дүркін чемпионы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Спорт менеджері және кәсіпкер Фрэнк Халидтің сөзінше, қатерлі ісікке шалдыққан Пеленің денсаулығы нашарлап кеткен.

«Пеле отбасымен және достарымен қоштасып жатыр. Футбол аңызы қатерлі ісіктен күресте жеңіліп жатыр, отбасы жағдайының нашарлап кеткенін айтты», – деді Фрэнк.

Желтоқсанның басында 82 жастағы Пелеге химиотерапияның көмектеспейтіні белгілі болды. Кейін оны паллмативті көмек бөліміне ауыстырған. Футбол аңызы 2021 жылдың тамызында қатерлі ісікке шалдыққан.

Пеле 1958, 1962 және 1970 жылдары футболдан әлем чемпионы атанды. ФИФА Пелені «жүзжылдықтың үздік ойыншысы» деп таныған.