Француз қызы денесіне Димаш Құдайбергеннің суреті мен Қазақстанның туын салдырып алған (фото)

0

Франциялық ару денесіне Димаш Құдайберген мен Қазақстанның туы бейнеленген тату салдырған. 35 жастағы Рози алғаш рет қазақстандық әншіні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріндегі гала-концертте көрген.Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

«Бұл 2017 жылдың 7 қазан күні болатын. Мен Димашты тыңдаған кезде «Бұл мүмкін емес» деп ойладым. Ол ән айтқанда, мен өзімді көкте қалықтап жүргендей сезіндім», – дейді келіншек.

Рози алғашқы татуын 2018 жылдың наурыз айында салдырған. Ол өзінің жігіті қызғанбас үшін Димаштың есімін кирилл әліпбиімен жазып қойған екен.

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

«Ол не жазылғанын түсінбейді», – дейді француз бикеші.

Артынша мамыр айында Рози қазақстандық орындаушымен кездесу үшін Каннға барған.

Сол кезде ол денесіне тағы да сурет салдыруды ойлаған. Осылайша, шілде айында француз аруы санына Қазақстанның туы мен орындаушының қолтаңбасы, сондай-ақ, қазақ тіліндегі «жаным сол» сөзі жазылған тату салдырғанын айтады. Өйткені, Рози бұл сөздің аудармасы қандай мағына беретінін білетін көрінеді.

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

«Менің Димашқа деген сезіміме сөз жоқ. Ол менің өмірімді қатты өзгертті. Сол себепті, оны қатты жақсы көремін. Ол менің жанымды аман алып қалған. Оны кездестірмей тұрып, өмірімде алға қойған мақсатым болмаған еді. Ал қазір жанкүйерлердің арасында көп достар таптым және әлем аралауға деген қызығушылығым артып кетті. Димаш пен оның жанкүйерлері менің өмірімнің бір бөлігіне айналды», – дейді Рози.

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

Француз қызының айтуынша, Димаш басқа орындаушылардан әлдеқайда ерекшеленеді.

«Димаш жан-жағындағы адамдарды сыйлайды. Оның даусы да, жүрегі де таза. Ол достарын, отбасын, жанкүйерлерін сыйлайды. Ол бір әнді бір қалыпты орындамай, әр уақытта бізді таң қалдырып отырады. Мен оның жүзін де, әнін де, жанкүйерлерге деген махаббатын да жақсы көремін», – дейді ол.

Рози жақында Димаштың Лондонда өткен концертіне жол тартқан. Ару әлі де әншінің артынан әлем аралағысы келеді. Ал жазда Қазақстанға да аяқ басуды жоспарлап отыр екен.

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

Фото: Facebook/ Розидің парақшасынан

«Димаштың шығармашылығымен таныспай тұрып мен Қазақстан туралы ештеңе білмейтінмін. Оның атауын естіп, қайда орналасқанынан ғана хабардар болдым. Ал қазір бұл керемет ел жайлы бәрін білгім келеді», – деді Димаштың жанкүйері.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз