Францияның экология министрі отставкаға кетті
Қысқа сілтеме алу
Шенеунік өзінің достарына қымбат шарап пен теңіз шаяндарын алып берген
НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Францияның экология министрі Франсуа де Рюжидің мемлекет қаражатын жөнсіз жұмсаған. Бұл әрекеті әшкереленген соң отставкаға кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Журналистер Франсуа де Рюжи Ұлттық ассамблея (Франция парламентінің төменгі палатасы) спикері қызметінде болған кезде де мемлекет қаражатына достарына дастарқан жайғанын анықтады.
Ол парламент спикері болған кезде мұндай әрекетке кем дегенде 10 рет жол бергені анықталды. 30-ға жуық адамды Франция мемлекетінің қаражатына тамақтандырып, қонақ қылған.
Тағы оқыңыз: Астанадағы элиталы мектептен шетелдік қылмыскер мұғалім қуылды
Отырыс кезінде түсірілген фотолардан арнайы рұқсатсыз ішуге болмайтын парламенттің қымбат шарабы мен омарларды көруге болады.
Рюжи өзіне жала жапқан журналистерді сотқа берді. Бірақ министр қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оның орнына Элизабет Борн келді.
sputniknews.kz