Францияға террористік шабуыл: Белгісіз адам шіркеуге пышақпен шабуыл жасады

Алдын ала ақпарат бойынша, 3 адам қайтыс болды. Зардап шеккендердің біреуінің басы кесілген.
Сондай-ақ, француз Авиньонында ер адамның полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуылдамақ болғаны хабарланды. Ол атылды.
Ал Сауд Арабиясының Джидда қаласында Франция консулдығының күзетшілеріне шабуыл жасамақ болған белгісіз біреу ұсталды.