Франциядағы наразылықта бір кісі мерт болып, 65 адам ұсталған

0
84

Франция астанасы мен өзге де қалаларында желтоқсанның 22-і күні наразылық акциялары жалғасты. Осымен алтыншы сенбі қатарынан өткен наразылық шараларына қатысушылар саны да, полициямен қақтығыстар да алдыңғыларымен салыстырғанда азайды дейді Франция ішкі істер министрлігі. Әйткенмен сенбі күні 65 демонстрант ұсталған.

Жанармай салығын көтеруге қарсылықтан туған «сары жилеттілер» қозғалысының жаппай наразылықтары барысында оныншы адам мерт болған. Қайғылы оқиға желтоқсанның 21-і күні елдің оңтүстігіндегі Перпиньян қаласы маңында болған. Наразылар бөгеп қойған айналма жолдың бойында жүк көлігіне соғылған жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі қаза тапқан.

Биліктің жанармай салығын ұлғайту жоспарына қарсы «сары жилеттілер» қозғалысының наразылық акциялары қарашаның ортасында басталған. Сонымен бірге наразылар ең төменгі жалақыны ұлғайту туралы талап қойған.

Франция үкіметі жанамай салығын ұлғайтуға мораторий жариялағаннан кейін наразылар үкімет пен президент Эммануэль Макронның реформаларына қарсы акциялар өткізе бастаған. Телеарнадан жасаған мәлімдемесінде Макрон 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақыны 100 еуроға көбейтуге және кедейшілікпен күрес бойынша өзге де шаралар қабылдауға уәде еткен.

Дереккөз: Азаттық