Франциядағы ереуіл: 260 адам қамалды — Жаһан
Францияда ереуілдер салдарынан 260 адам қамауға алынды. Париждегі бейберекетсіздіктен 110 адам зардап шекті, алты ғимарат өртеніп кетті. Бұл туралы Франция ІІМ басшысы Кристоф Кастанер мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.
«Париж қаласының өрт сөндірушілері 187 жерде өрт сөндіру жұмыстарымен айналысты, алты ғимаратқа шабуыл жасалды. Алты ғимарат толықтай өртеніп кетті», — деді француз министрі BFMTV телеарнасының эфирінде.
© Reuters
Кастанердың айтуынша, наразылық акциясы кезінде 110 адам зардап шеккен, оның ішінде 20-сы полиция қызметкері. Бір адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр екен.
© Reuters
Сенбіде бензин мен дизель отынының бағасы көтерілуіне қарсы шыққан «жасыл желетке» наразылық акциясын ұйымдастырушылары полициямен қақтығысып, Парижде бірнеше көлікті өртеп жіберген.
© РИА Новости
Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинада баспасөз конференциясын өткізіп, зорлық-зомбылық әрекеттеріне барған адамдар заң алдында жауап беретінін айтты.
© РИА Новости