Францияда мұғалімнің басын кескен жігітті шешендер құрметпен жерлеп, көше атын берді
Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Шешенстанның Урус-Мартан ауданында Шешенстанның тумасы Абдуллах Анзоров құрметпен жерленген. Ол Францияда мұғалімді өлтіріп, басын кесіп алған жігіт. Кейбір БАҚ шешен елінде оның құрметіне көше атауы берілді деген ақпарат таратты.
Кісі өлтірді деген күдіктіні тұтқындау кезінде полиция атып тастады. Бұл Францияда босқын мәртебесін алған 18 жасар Абдулак Анзоров деген шешен елінен шыққан Ресей азаматы болып шықты.
Сенбі, 5 желтоқсанда Анзоровтың денесі Франциядан Шешенстанға жеткізілді. Қоштасу рәсіміне барлығы 200-ге жуық адам қатысты — Анзоровтар отбасының туыстары мен достары.
Жергілікті билік арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдады — жерлеу рәсімі өткен ауылға негізінен сол жерде тұратындарды жіберіп, жақын маңда тәртіпті сақтау үшін 65 полиция қызметкерін жұмылдырды.