Францияда атыс ұйымдастырған азаматтың кім екені анықталды — новости Казахстана

0

Страсбург қаласында атыс ұйымдастырды деген күдіктінің тұлғасы анықталды. Бұл туралы Францияның Ішкі істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.

Фото: GETTY IMAGES

Фото: GETTY IMAGES
Source: Getty Images

Франция Ішкі істер министрлігінің айтуынша, ер адам 29 жаста.

Оның есімі тергеу мүддесіне орай жарияланбаған. Ал сейсенбі күні болған атыс салдарынан күдікті жарақат алса да, бойын тасалап үлгерген.

Полиция қылмыскердің ел аумағынан шығып, көршілес Германияда жүргенін жоққа шығармайды.

Аталғандай, ер адам «қоғамға қауіп төндіретін тұлға» ретінде есепте тұрған. Бірақ бұрын-соңды лаңкестік қылмыстарға қатысы болмаған екен.

Қазіргі уақытта Франция прокуратурасы лаңкестік бабы бойынша іс қозғады. Ел билігі шекарадағы бақылауды күшейтіп, жолдарға полиция жасақтарын қойған. Сондай-ақ, жиналыстар мен митингтерді ұйымдастыруға тыйым салыныпты.

Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қаласының орталығында атыс болған. Нәтижесінде, төрт адам көз жұмып, он адам жарақаттанған.