Франция тұрғындары дәрігерлерге қол шапалақтап қолдау білдірді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң шектеу шаралары күшіне енгеннен кейін Франция тұрғындары флешмоб ұйымдастырып, дәргерлеріне қол шапалақтап алғыс білдіріп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әр кеш сайын, жергілікті уақыт бойынша сағат 7-ден 8-ге дейін, тұрғындар эпидемиямен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне терезелерін ашып, пәтерлерінің балкондарына шығып қол шапалақтап, өз қошеметтерін, алғыстарын білдіреді.

Францияның көптеген қаласында ерекше көрініс байқалды: үйлердің терезелері бір уақытта ашылып, адамдар «Браво!», «Біздің дәрігерлерге рахмет!» деп айқайлады.

Париждің кейбір кварталдарында қол шапалақпен бірге көлік сигналдары естуге болады. Тіпті Марсель қаласында кейбіреулер мүмкіндігінше шу шығару үшін кастрюльдер мен басқа ас үй заттарын да қолданған.

Париж ауруханаларының басшылығы мұндай ерекше қолдауға өз тарапынан жауап берген.

 Twitter парақшасында APHP басшылығы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп хабарлама жариялаған және «Сіздің үйде болғаныңыз дәрігерлердің жұмысына ең жақсы қолдау осы» деп атап өткен. 

Деректерге сүйенсек, елде вирус тіркелген сәттен бастап, ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында, 7 730 адамның 175-і коронавирустан қайтыс болды.

Францияда 4,5 мың адам вирус жұқтырып, 91-і қайтыс болған. Сенбіде Франция қоғамдық орындарды, соның ішінде мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар және түнгі клубтарды жауып тастаған.

Айта кетейік, Испания мен Францияда оқып жатқан қазақстандық студенттер шетелде ұлтшылдық қысымына ұшырағанын,  ал отандастары тарапынан қолдау таппағандарын айтып шағымданын хабарлаған болатынбыз.



stan.kz