Франция тәртіп сақшылары ереуілге шықты

0

Франция тәртіп сақшылары ереуілге шықты.

Жүзге жуық тәртіп сақшылары биліктен жұмыс жағдайын жақсартып, айлықтың өсуін талап еткен. Наразылық шарасы жаппай шеруге ұласпас үшін Франция Ішкі істер министрлігі қызметкерлердің жалақысын арттыруға келісті. Алдағы уақытта қаржыландыру заңына өзгерістер енгізілмек.

Соңғы жылдары Францияда халық наразылығы жиі орын алып келеді. Биыл қазанда ел президенті Эммануэль Макронның зейнетақы реформасына наразылық білдірген мыңдаған зейнеткер Париж маңында ереуіл ұйымдастырған болатын. Зейнеткерлер жалақы мен зейнетақыға салынатын салықтың өсуіне қарсылық білдірді. Ал желтоқсанның басында «сары жейделілер» ереуілі басталды. Бұл шара данармай акцизін көтеруге байланысты ұйымдастырылды. Алғашқы кезде жанармайға салықты өсіруге қарсы болған шерушілер енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Фото: cdn

Халық толқуын басу үшін Франция үкіметі жанармай салығын алдағы жылдары көтермейтінін айтқан болатын. Осыған байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон салықты өсіруге 6 айға дейін шектеу енгізіп, газ бен электр энергиясы бағасын өсіруге де уақытша тыйым салу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ Макрон 2019 жылдан бастап Франция экономикасы бұрынғыдан нығайып, жұмыс берушілерге жыл соңында қызметкерлеріге сыйақы төлеуді міндеттеп, зейнеткерлер мен азаматтарға қосымша табыс салығын алып тастайтынын мәлімдеді. Телекөпір арқылы халыққа тікелей үндеу жолдаған Макрон қазіргі жағдайдың енді қайталанбайтынына, билік халықтың мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтынын да айтты. Алайда, сарылар бұл шешімге тағы да қарсылық білдіріп, кезекті мәрте ауқымды шеру ұйымдастырды. Бір айға созылған ереуіл ел қазынасына көп мөлшерде шығын әкеліп, туристердің легі бәсеңдеген. Франция үкіметінің ақпараты бойынша, жалпы ел көлемінде шеруге қатысушылардың саны 36 мың адамға жеткен.

«The Qazaq Times»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз