Франция сотының Әблязовқа қатысты шешіміне БТА банк пікір білдірді

0

БТА банкі Франция сотының Мұхтар Әблязовке қатысты істі қайта бастау туралы шешіміне түсініктеме берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«2023 жылғы 23 мамырда Францияның кассациялық соты БТА Банкінің апелляциялық шағымы бойынша Әблязовке қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау мерзімінің аяқталмағаны туралы шешім шығарды.

Осылайша, Францияның жоғарғы соты Әбілязовтың БТА банкке қарсы жасаған алаяқтық және ақшаны жылыстату фактілері бойынша қылмыстық тергеуді француз тергеу судьясы жалғастыру керектігін растады.

“БТА Банкі Франция сотының шешімін құптайды және істі сотың тез әрі сәтті қарайды деп күтеді», – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Францияның кассациялық соты апелляциялық соттың Қазақстанның Тұран Әлем банкінің (БТА банк) бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке қатысты сот ісін тоқтату туралы шешімін бұзды.