Фотограф кездейсоқ кадрға түсіріп алған жұпты 8 жыл бойы іздеген (фото) — новости Казахстана

0

АҚШ-тың Флорида штатының фотографы Джой Грувер (Joy Groover) кадрына кездейсоқ ілінген жұпты сегіз жыл бойы іздестірген деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр: UPI / YouTube

Кадр: UPI / YouTube

Оқиға 8 жыл бұрын Палм-Бич қаласындағы шіркеудің бірінде болған. Фотограф өзінің отбасы мүшелерін суретке түсіріп жатады. Кенеттен үйленуге ұсыныс жасап жатқан жігітті көріп, соларды да фотоға түсіріп үлгереді.

Джой ол кезде екі жастың қасына барып, үлгере алмай қалған, содан 8 жыл бойы әлеуметтік желі арқылы хабарландыру таратып, оларға іздеу салған.

«Мен тек оларға суретті бергім келеді. Сол күн олар үшін ұмытылмайтын сәт болғанын сеземін. Ал мен оларды қайдан іздеу керектігін де білмеймін. Олар отбасын құрды ма, балалары бар ма, бұл да маған беймәлім. Ең қызықтысы осы фотоны көрген кездегі олардың реакциясын көру», — деп жазды фотограф желтоқсанның басында.

Дегенмен қос ғашықтың таныстары теледидардан оларды іздеп жатқаны туралы репортажды көргеннен кейін ерлі-зайыптылар суретті түсірген адаммен хабарласқан.

«Біз бұл суретке қатты риза болдық. Ерекше сәтті көз алдымызға қайта алып келгені үшін фотографқа алғысымызды білдіреміз», — дейді сурет кейіпкерлеріні бірі Эшли Барноски.