ФОТО: Билл Гейтс болашақтың қауіпсіз унитазын ойлап шығарды

0
ФОТО: Билл Гейтс болашақтың қауіпсіз унитазын ойлап шығарды


Билл Гейтс Қытайда дәретханалардың келешегін көрсетті. Ол жүздеген мың адамның өмірін аман алып қалатын унитаз ойлап шығарды.

Кезінде әлемге виртуалды терезе сыйлаған адам енді Африка мен Азия балаларының өміріне араша түсті. Бейжіңде баяндама жасаған Билл өзімен бірге трибунаға шыны ыдысқа салынған адамның дәреті мен нәжісін алып шықты. 

«Бұл заманауи өнердің нысаны емес. Бұл бір шыны ыдыста 200 триллион жасаушалы ротовирус пен 20 миллиард бактериялар бар. Олардың таралуы дамушы елдерде жарты миллион баланың өліміне себепші болып отыр. Қауіпті кәріз жүйесі — экономикалық ауыртпалық. Балалар ғана өліп жатқан жоқ. Қаншама бактериялар ауаға тарап жатыр. Өмір сүру деңгейі төмендеп барады. Бұның бәрі әлемдік экономикаға жыл сайын 223 млрд салмақ салып отыр. Бұны көбісі әлі де түсінбей келеді», — деді ол.  

Мәселенің шешімі — болашақ дәретханасы. Билл Гейтс оны 7 жыл бұрын ойлап шығарып, 200 миллион доллар жұмсады. Унитаз кәрізге қосылмаған. Қалдықтар сұйық және қатты болып екіге бөлінеді, сосын арнайы реагенттермен өңделіп, шығар кезде минералды тыңайтқышқа айналады. Гейтстің айтуынша, бұндай унитаздың әр үйде орнатылғаны компьютерлік революция болмақ. Бастысы — балалар өмірін сақтап қалады.

 

«Кәдімгі унитаздар қалдықтарды су құбырына шығарып, ақыры суға қосылады. Ал мынадай жағдайда бұл мүлдем автономды болмақ. жаман дегенде бір уыс күл аласыз. Ал онда бір түйір бактерия болмайды».

Гейтс болашақтың унитазын шығару өндірісіне тағы да 200 миллион доллар құймақшы.