ФОТО: Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді

0
ФОТО: Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді


Бүгін 1600-ге жуық елорда тұрғыны дәстүрлі Аstana Winter Marathon-2018 шарасына қатысты.

Марафон ұйымдастырушылары мәлім еткендей, астаналықтармен бір мезгілде еліміздің бірнеше қаласында 300-ге жуық адам белгіленген қашықтықтарды жүгіріп өтті. Жарыс бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ереже бойынша марафонға 12-74 жас аралығындағы қатысушылар жіберілді. Төрт дисциплина болды — 42, 21, 10 және 5 шақырым. Бірақ аязға байланысты 42 шақырым 21-ге қысқартылды. 5 шақырым қашықтықта ерлер арасында Серік Исмаилов (16:51 минут), Серік Айтқазин (16:58), Алексей Жданов (17.18) көш бастады.

Әйелдер арасында Адель Шахайдар (18:42), Пак Яна (21:33), Азия Жыланбаева (25:26) озып келді.  10 шақырым қашықтықта ерлер арасында Мирас Жетібаев (38:02),  Рустам Сәтжанов (38:24) пен  Диас Жетібаев (38:26) үздік деп танылса, әйелдер арасында Зарина Ментаева (46:07), Элвира Нұрмұстафина (51:24) және  Жазира Оралбекова (52:33) жүлдегер атанды. Ең ұзақ дисциплина — 21 шақырымда ерлер арасында мәреге алғаш жеткен Базарбай Дәуітәлиев (01:15:52), Әкім Еркебай (01:18:02), Ильдар Халиулин (01:20:48), Алексей Мешалкин (01:20:52), Сүндет Қайыртаев (01:23:04),  Сағындық Ермағамбет (01:24:04) естелік сыйлықтармен марапатталды. Әйелдер арасында 21 шақырымда Татьяна Миргородская (01:38:13), Жанерке Нұрбайқызы (01:42:19), Гүлмира Әменова (01:43:13), Әсел Құспанова (01:47:31), Ксения Асинская (01:47:56), Паулина Лейман (01:52:03) үздік болды.

Дереккөз: inform.kz