ФОТО: 6 жасар қыз ауыр дертке шалдыққан сіңлісін құтқарып қалды

0
ФОТО: 6 жасар қыз ауыр дертке шалдыққан сіңлісін құтқарып қалды


6 жасар қыз сіңлін генетикалық аурудың қорқынышты салдарынан аман алып қалды.

Николь мен 3 жасар Джессика Баттен ауруынан зардап шегеді. Бұл аурудың емі осы күнге дейін қолжетімсіз болып отыр. Дәрігерлер Никольдің диагнозын анықтағанда, емдеуге кеш болып, ауру асқына берген.

Қыз жағдайының ауырлығына байланысты өздігінен тамақтанып, жүріп-тұра алмайды. Және ол өмір бойы сөйлемейді. Джессиканың мұндай дерті анықталған кезде, Николь 1 жаста болыпты. Ол кездесәбидің бойынан аурудың ешқандай белгілері байқалмаған. Джессиканың диагнозы анықталғаннан кейін, дәрігерлер оның сіңлін тексеруді де ұйғарады. Соның нәтижесінде Джессиканы тәжірибелік емге алған. Бүгінде ол ауруынан құлан-таза айыққан.

«Николь Джессиканы құтқарды. Мұны бізге көп айтты. Егер Николь болмаса, Джессиканың дерті туралы білмейтін едік. Сөйтіп емдеуге кеш болар еді. Олардың арасындағы байланыс ерекше», – дейді қыздардың анасы.

Қыздарға айына екі рет ине салынады. Оларға инъекция жасалған кезде екеуі бірге отырады екен.

«Джессика анасы сияқты қамқор. Егер Николь жөтелсе, ол бірден жанына жүгіріп барады. Үнемі қолынан ұстайды. Бетінен сипағанды жақсы көреді», – дейді қыздардың анасы.

Никольдің дамуы баяулай бастағанда, бастапқыда ата-анасы бұл оның мінезіне байланысты деп ойлапты. Алайда қыз 3 жасар кезінде сөйлей алмағандықтан, анасы оны дәрігерлерге алып барыпты. Анықталғандай, оның дамуының баялауы – бойындағы қиындықтардың ең азы ғана екен.

«Біз емі жоқ екенін білдік. Дәрі де жоқ. Сол бірнеше секундтың ішінде өміріміз күйрегендей болды. Тек жылай бердік», – дейді қыздардың анасы.

Дереккөз: Stan.kz