ForteBank Қазақстанның алдыңғы қатарлы үш көшбасшы компаниясының қатарына кірді

0

Сондай-ақ өтімділік деңгейі нарықта неғұрлым жоғары болып тұр, ағымдағы өтімділік коэффициенті – К4 (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы, кем дегенде – 30 пайыз, норматив кезінде 154 пайызды құрады).

ForteBank – Moody ‘s Investors Service және Standard & Poor’ s жетекші әлемдік рейтингтік агенттіктерінің өзгеру болжамында оң баға алған Қазақстандағы бірнеше банктің бірі. Сонымен қатар еліміздегі қаржы компаниясы жайында халықаралық беделді басылымдарда жақсы пікірлер жазылуда. Мәселен, ForteBank екінші жыл қатарынан The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» марапатын алды. Сонымен қатар 2018 жылы «The International Banker» журналы банкке «Бөлшек бизнестегі үздік инновациялық банк» марапатын берді.

«Егер жылдың алдын ала қорытындысын салыстыратын болсақ, біз өткен жылдан 45-50 пайызға артық жұмыс істеппіз. Мұнда 2 құрамдас бөлікті атап айтуға болады: оның алғашқысы – бөлшек бизнес, келесісі – шағын және орта бизнеске жаңа клиенттерді тарту бойынша белсенді жұмыс. Бұл ретте қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен банк нарығындағы турбуленттілік клиенттерді ForteBank-тің қызметіне жүгінуге итермелейді. Бұл бізге комиссиялық кірістер мен еркін өтімділіктің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз ForteX валюталық онлайн алаңын дамытуды жалғастырудамыз және заңды тұлғалардың клиенттерін қолма-қол ақшасыз айырбастаудан түскен табысты айтарлықтай арттырдық», дейді компанияның басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

Дереккөз: http://egemen.kz/