Forbes тізімі өзгерді: Құлыбаевтардың байлығы 1 млрд долларға жетті
Forbes әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы тізімін жариялады. Оған алты қазақстандық және еліміздің резиденттері кірді. Осылайша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның жұбайы Тимур Құлыбаев 636-шы орынға жайғасты.
Басылымның бағалауы бойынша, өткен жылы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының табысы 3,8 миллиард долларды құрады. Ең бай қазақстандық Владимир Кимнің байлығы 4,6 млрд долларға дейін қысқарды. «Қазақмыс Холдингі» акцияларының иесі және KAZ Minerals акционері рейтингте 591- орынды иеленді. Өткен жылы оның байлығы 5 миллиард долларға бағаланды.
Болат Өтемұратовтың табысы 100 млн долларға төмендеді. Қазір ол 2,7 миллиард доллар байлығымен рейтингте 1104-ші орында. Өткен жылы кәсіпкер 1096-шы орында 2,8 млрд.
Kaspi Bank иесі Вячеслав Ким 3,6 миллиард долларлық байлығымен 1513-ші орыннан 787-ші орынға көтерілді. 2022 жылы оның табысы 2 миллиард долларға бағаланды.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: Abai.kz