Forbes нұсқасы бойынша әлем байларының тізіміне бес қазақстандық миллиардер енді – Қазақстан жаңалықтары

0
153

Қазақстандық бизнесмендердің табысы арта түсуде. Forbes жыл сайынғы зерттеу тізімінде қазақстандық бес миллиардер бар.

Forbes нұсқасы бойынша әлем байларының тізіміне бес қазақстандық миллиардер енді

Қазақстандық бес миллиардердің табысы 16400 млн долларды құрады.

Әлем елдері байларынының тізімінде 2300 000 000 доллар табыспен 1008-орынға Әліджан Ибрагимов шықты. Оның табысы бір жылда айтарлықтай өзгере қоймаған.

715-орында Динара мен Тимур Құлыбаевтар тұр. Олардың табысы 6200 000 000 доллар деп бағаланды.

Тізімде Болат Өтемұратов та бар. Ол 645-орында. Оның табысы 3400 000 000 доллар. Бір жылғы табысы 800 млн долларға өскен.

Тізімде өзгелерінен жоғары болып тұрған KAZ Minerals, «Kazakhmys» корпорациясының иесі Владимир Ким. Оның табысы бір жылда 1,5 млн долларға жетті. Ол тізімде 424-орында тұр. Байлығы 4500 000 000 доллар деп есептелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz