Forbes Голливудтың ең табыссыз актерлерін атады — новости Казахстана

0

АҚШ-тың Forbes журналы «ең тиімді» және «тиімсіз» актерлерінің рейтингін шығарды. Тізім басылымның сайтында жарияланған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

vladtime.ru/Vianney Le Caer/Invision

Коллаж: vladtime.ru/Vianney Le Caer/Invision

Ең табыссыз актерді анықтау үшін қаламақыға төленген әрбір долларға шаққандағы табыс есепке алынды.

Ең аз табысты Мэттью Мак-Конахи әкеледі екен.

Мак-Конахи төленген әрбір доллардан $1,1 табыс әкелген.

Екінші орынға Кристиан Бэйл орналасыпты. Оның әкелген табысы 1,5 долларды құраған.

Одан кейін тізімде Мэтт Дэймон ($3,7), Мелисса МакКарти ($4,9) тұр.

Ең «тиімді» актерлер болып Джереми Реннер ($82,3), Марк Руффало ($80,2) және Эми Адамс ($69,9).

Рейтингті құрастырғанда актерлердің Голливудта түскен соңғы үш фильмінің қаламақылары есепке алынған.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар