Фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

0

Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелерде және бұқаралық іс-шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады. Бұйрыққа 2022 жылғы 30 желтоқсанда Қырғызстанның Мәдениет министрі қол қойды.

Министр сонымен қатар бұйрықтың орындалуына жауапкершілік әр мекеменің басшылығында екенін айтып, бұйрықтың орындалуын жеке қадағалайтынын ескертті.

http://t.me/orda_kz

фото: вконтакте әлеуметтік желісі